Шырақ жанған түн

Премьера! 

Оразалин
Лирикалы драма реж. Н.Жақыпбай. 

Сағын мен Нұргүл жарасымды, елге үлгі, «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» отбасы. Үйлеріндегі кезекті бір қонақ қабылдауда кездейсоқ телефон Сағынның көңіліне сызат түсіріп, олардың өзара ренжісуіне себеп болады. Нұргүл түн ішінде үйден кетіп қалады. Осы түн кейіпкерлер үшін тазару, арылу түніне айналады. Ал, «Марстан келген», кейіпкер Таңат «Мен барлығы_ңыз_ды жақсы көремін», дегенді көрерменіне де қарата айтатыны бекер болмаса керек.