Апалы-Сіңлілі үшеу

Премьера! 

Драма.

А.Чехов
ауд. Ә.Бөпежанова
реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева.

Әлем театрларында ең көп қойылатын драматургтардың бірі А.П.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» пьесасы қазақ театрында алғаш рет сахналанып отыр.

Драма оқиғасы губерндік қалада, зиялылар отбасы Прозоровтардың үйінде өтеді. Андрейдің қарындастары, апалы-сіңлілі үшеу:Ольга, Ирина және Машаның бар арманы, басты арманы - өздері туып-өскен Мәскеуге кету. Бірақ, олар қанша орайы келіп тұрса да кетіп болмайды. Бір кездері Мәскеу университетінің профессоры болады деп үміт еткен ағалары болса отбасының билігін қолына алғанәйелі Наташаға жалтақтайды.

Драманың бүкіл оқиғасы Прозоровтардың және арман жетегіндегі, бірақ, оның жүзеге асуы үшін шөптің басын да сындырмайтын, ерік-жігері аз, қиялмен күн өткізген өзге де кейіпкерлердің күнделікті тыныс-тіршілігі мен бір-біріне онша үйлесімі жоқ,шым-шытырық қарым-қатынастары аясында өрбиді. Әр кейіпкердің өз драмасы және ол драманың бірнеше астар-ағыны бар...

Начало в 18.30.