Жақсы кісі

Примьера 

Трагикомедия.

Автор Ә. Тарази
Режиссер Ж. Хаджиев.

Үлкен мен кішіге ұдайы ізеттілік танытып, ақжүрек қалыптан айнымайтын ақжарқын жанды көрдіңіздер ме? Иә, ондай жақсы кісілер өмірде көптеп кездеседі, Ал, кейбір жандардың өмірін – тағдырым деп ұғып, ішінен тынып, қоңырқай ғұмыр кешетін кездері де болады.
Адамның жастықта жіберген қателігі, махаббатты сатуы – ақыр аяғы, оның тағдырын тас-талқан етуі мүмкін.

Несін айтайық? Сіздер, бәлкім ондайға күлерсіздер. Жо-жоқ, күлуге болмас. Ешкім де дүйім дүниенің тіреуі емес. Е-ей, жассыздар ғой, түсінбейсіздер...
Жақсы кісілер әрқайсымыздың жанымызда жүрген болар... «Жақсы кісіні» көруге асығайық, құрметті көрермен!