Абайдың туған күніне арналған шығармашылық кеші

10 августа 2013 г. в Национальной академической библиотеке Республики Казахстан состоится Абайдың туған күніне арналған шығармашылық кеші.

Абайдың туған күніне арналған шығармашылық кешке шақырамыз

Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына тамыздың 10 жұлдызында 168 жыл толуына байланысты Астана Тоустмастерлер Клубының ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өтеді. Біз Сіздерді ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқуға, құлақтан кіріп бойды алар әсем әндерін шырқауға шақырамыз. Абайдың өмір жолы, шығармашылығы, қазіргі жастардың ақын туындыларына қызығушылығы туралы жобаларыңызды ұсына аласыздар. Егер ақындық қабілетіңіз болса, шығармашылық кешті өзіңіздің өлең шумақтарыңызбен әрлендіре аласыз.

Сіздерді бүкіл қазақтың қамын ойлап, жарыққа жетелеген данышпан Абай Құнанбаевтың асыл мұрасын дәріптеуге шақырамыз. Кештің соңында дәстүрлі ақ дастархан жайылады, белсенділік танытқан қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.

Начало в 12.00.