Жалын жұтқан Жанна д’Арк

Премьера!

Ж. Ануй
Драма

Шығарма ең алдымен оқырман мен көрерменді патриоттық сезімге тәрбиелейді. Отар елдің ұйқыдағы санасын оятып, езгідегі жұртты тәуелсіздікке бастаған Жанна Д, Арктың ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Қолына қару ұстаған нәзікжанды кейіпкердің трагедиялық өмірі жанқияр ерлік істерден тұрады. Бодандық сананы сілкіндіріп елін ауызбіршілікке, бейбіт күнге бастаған француз халқының ұлттық батыры аңызға айналған тұлға. Оның бойындағы асыл қасиеттер адамзатқа ортақ үлгі. Намыс пен жігер, табандылық пен төзімділік драмада айқын көрініс тапқан.