СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ /Цыганская серенада/

Автор - И.Сапарбай

Режиссері - Е.Обаев, Т.Аралбай

Жанр - мюзикл.

Продолжительность спектакля 2 часа (2 сағ. )

Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен тебірентер Сыған серенадасы. Осы бір әнді оятқан Сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма?

Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертіседі. Әуенге толы драма әсерге де толы.

Спектакль идет с синхронным переводом на русский язык.