Жан азабы

Діні мен тілін ұмытпай, бір Құдайға деген сенімін күшейте түскен Жоламан кенеттен тұтқынға түседі. Алдынан ауыр азаптың күтіп тұрғанын жақсы білсе де, өз райынан қайтпауға бел буады.

Ал, айтқанына көндіре алмаған Әмірші өзіне жүктелген қатігездігін аяусыз жүзеге асыруымен Жоламанды мәңгүрттік күйге жеткізеді. Есін білмей, ақылынан адасқан ұл өз анасын зорлауға дейін барады. Бұғы ананың ащы зарын, Жоламанның көрген қасіретін, Әміршінің жауыздығын бейнелейтін бар-жоғы үш кейіпкердің ауыр жан азабын ішкі психологиялық толғаныстарымен жеткізе білген актерлердің ойынына ортақ болыңыздар.

Ш. Айтматов "Жан азабы" /әфсәна/ реж. Н. Жақыпбай

Вход: детский 300 тг., студенческий 500 тг., взрослый 1000 тг.

Начало в 18.00.