Жекпе-жек

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры  сәуір айының 16-17 жұлдызында «Жекпе-жек» мелодрамасының  премьерасын өткізеді.

Аталмыш туынды қырғыз драматургі  Мар Байжиевтің «Дуэль» шығармасы желісі бойынша саханаланбақ. Қазақ тіліне аударған қойылым режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Камиев.

«Жекпе-жек» - автор қандай жекпе-жекті суреттеп отыр? Пьесаның атауын неге «Жекпе-жек» деп қойды? – деген сұрақтарға шығарма желісінен қысқаша мәлімет берер болсақ.  Жекпе-жек тек ерлер арасында болатын қақтығыс. Яғни,  «Жекпе-жек» мелодрамасы екі адамның махаббат жолындағы қақтығысын суреттейді.  Бас кейіпкер Нази көңілдесі Ескендірмен теңіз жағасына демалысқа барғанын да, өмірінің күрт өзгеріске ұшырайтынын үш ұйықтаса да түсінде де көрмейді.
Ескендір-Нәзи-Әзиз арасында орын алған махаббат хикаясы спектакльдің басты оқиға желісі болып табылады.  Қаллеки театрының артистері – Мейрам Қайсанов, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы, Алтынгүл Серкебаева, Олжас Жақыпбектер екі күн бойы көрермендер назарына кезекті жаңа қойылымның премьерасында бас кейіпкерлерді ойнайды.

 «Жекпе-жек» /Дуэль/ - бірнеше тілге аударылып, Қазақстан, Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Швеция, Австрия, Румыния сынды бірнеше елдерде сахналанған танымал туындының бірі. Шығарма да әр заман өкілдерінің  шынайы бейнесі суреттелген.  Бүгінгі  ұрпақ рухани құндылықтан ажырап, азып-тозып бара жатқан жоқ па..?  М.Байжиевтің «Жекпе-жек»  (Дуэль)  пьесасы  әр заман  ұрпағының, ішкі көзқарас тартысы арқылы адами құндылықты іздеуге шақырады...  

Начало в 18.30.