Концерт Ән-жыр кеші

6 апреля 2015 г. Казахской национальной консерватории им. Курмангазы состоится Концерт Ән-жыр кеші.

Ұлттық кәсіби музыка өнеріміздің қарашаңырағы атанған, әлемге әйгілі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі 2015 жылдың 16 сәуірі  күні Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтық иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдық мерейтойына арналған «.....Нағыз қазақ – домбыра» атты ән – жыр кешін өткізеді.

Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый-құрметіне бөленген қайраткер, қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
Кеште: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері: Донеділ Қажымов, Қазақстанның Еңбек сіңірген артистері: Сауық Жақанова, Сауле Таудаева,  Қ.Р Еңбек сіңірген қайраткерлері: Дәлел Уәшев, Гүлнұр Оразымбетова, ҚР Мәдениет қайраткерлері: Гүлмира Ақүрпекова, Қайрат Какимов, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегерлері: Айгүл Қосанова, Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Фархат Кубиев, Тахауи Рахметов, Амангелді Күзеубайлар ақынның шығармаларын орындайды. Оркестрдің бас дирижеры: Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері – Арман Жүдебаев, дирижерлар: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Жанас Бекентұров, Мәдениет қайраткері – Жексен Айсын.

Начало в 18.30.