КӨШКІН /Лавина/

1сағ.30мин.

Жанр: әфсана.
Автор: Т.Жүженоғлы.
Ауд. О.Қыйқымов.
Режиссерi: А.Кәкішева. 

Спектакль идет с синхронным переводом на русский язык.

«Көшкін» - белгілі түрік драматургы, шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, көптеген сахналарында қойылған Түнжер Жуженоглының драмасы (түрікшеден орысшаға аударған Елена Оганова). Оқиғалары тосын, кейіпкерлері біртұтас қауым болып таулы аймақтағы шағын бір қыстақта өмір кешетін пьесада негізгі тартыс бір әулеттегі үш буын арқылы өрбиді. Үшінші буын – жас отбасы нәресте күтуде. Қауым мүшелерінің қорқынышы – нәресте дүние есігін рұқсат етілмеген уақытта ашуы мүмкін. Бұл дегеніңіз – бүкіл қыстақты өлімге байлау деген сөз. Демек, бүкіл қауымның өмір үшін қиян-кескі күресі, жас отбасына қарсы күресі басталады...

Актерлік ойындарға және режиссерлік интерпретацияларға керемет мүмкіндік беретін бұл туындыда бір әулеттің экстремалды жағдайда шиеленіскен өзара және қауымдастықтық қарым-қатынастары, «көзі үлкен қорқыныш» құрсауында қалғандардың психологиялық ахуалы терең ашылады.
Драматургтың өзі айтпақшы, көшкін – табиғаттың құбылысы ғана емес, ол, мүмкін, адамдардың санасына мықтап орныққан қорқыныштардың көрінісі... Ал, режиссердің идеясы бойынша, айналамызда ғана емес, әлемде болып жатқан небір апаттардың басты себебі – адамның табиғаттан ажырай бастауы, түптеп келгенде, өз-өзінен ажырай бастауы. Бұған жол бермесек керек...