Қас қағым

Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да «жалғызы жолында жан пида» мансапқор әке мен оның тірлігі қорқынышты  ортасының  «құндылықтары» – қойылымның  бірінші қабаты. Бойжеткен  Жазира ешқандай дертке ұшырамаған. Психиатр Сәбитке ағынан жарылатын  оның  психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса,  енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады. Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды.
Премьера: 26 қараша, 2013 ж.