Ер Төстік

Премьера!

Қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі ретінде халыққа кеңінен танымал "ЕР ТӨСТІК" халық ертегісінің ізімен сахналық нұсқасын жасаған әрі қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Болат Ұзақов. Шытырман оқиғаға толы қиял-ғажайып ертегі сахнадан көрініс тауып, өз көрермендерін ертегі әлеміне елітіп алары сөзсіз. Қойылым театрдың жас көрермендерін адамгершілікке, қайырымдылыққа, батылдық пен отансүйгіштікке, адал достыққа баулиды. Қойылымның суретшісі – Шынар Елембаева. Балетмейстер – С.Жолымбаева.