Қызыл орамалды шынарым (екі бөлімді драма)

«Қызыл орамалды шынарым», екі бөлімді драма.

авт. Ш.Айтматов
инсц. Т.Теменов
реж. Т.Теменов

Ш. Айтматовтың «Арманым Әселім» хикаяты әлемнің көптеген сахналарынан лайықты орын алған ұлы шығарма. Бұл қойылым осыдан 45 жыл бұрын театр сахнасында сахналанған. Спектакль Мәскеуде өткен театр фестивалінде жүлделі орын алып, Чапай Зұлқашев, Байділдә Қалтаев, Мұхтар Бақтыгереев, Роза Әшірбекова сынды сахна шеберлері мемлекеттік марапатқа ие болған. Осы қойылым араға 45 жыл салып, жастар театрының сахнасында қайта сахналанып отыр.
Оқиға 60 жылдары, Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Долан асуында өтеді (Қырғызстан).

Қойылымда қырғыз және тәжік музыкасы, сондай-ақ кейбір шығармаларға арнайы жазылған аранжировка пайдаланылған.

Ш. Айтматовтың «Арманым Әселім» шығармасының негізінде сахналанған «Қызыл орамалды шынарым» қойылымының басты лейтмотиві- жол. Адам өмірі-жол. Қайда бастайтыны, немен тұйықталатыны беймәлім. Кездейсоқ таныстық басталған Ілияс пен Әселдің шынайы махаббаты- мәңгілік. Алайда олардың басындағы бақыт-қас-қағым сәт қана.