"Ғасырдан да ұзақ күн"

Автор: Ш. Айтматов.
Жанр: драма.
Қоюшы режиссері - Ә.Мәмбетов, Халық қаһарманы.
Композиторы - Ғазиза Жұбанова, КССРО Халық әртісі.
Қоюшы суретші - Д.Доспаев, ҚР Мәдениет қайраткері.
Балетмейстер - С.Жолымбаева.
Режиссердің ассистенті -Гүжан Әспетова, ҚР Халық артисі.

Адам баласының соңғы сапары ағайынға әрі сын, әрі аманат. Аңыз бен ақиқатты астастыра баяндайтын драмадағы бас кейіпкер Едіге, Қазанғап досының ақырғы аманатын орындауда қатерлі қиындықтарға кезігеді. Қоғамдағы дінсіздердің, аңыздағы мәңгүрттермен бір бейне екенін меңзейтін туынды адамгершілік қасиеттің құндылығын суреттейді.