"Ақ кеме"

Автор: Ш. Айтматов.
Жанр: драма.
Қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов, Халықаралық театр фестивалінің лауреаты.
Қоюшы суретші - Берік Бурбаев.
Музыкасын құрастырған - Марал Мырзакұлова.
Биін қойған - Салтанат Жолымбаева.
Режиссердің ассистенті - Нұрай Танабаев.
Режиссердің көмекшісі - Әлия Дәуітова. 

Ақ кеме – зерделі баланың қиялынан туған аяулы арман. Адамдар арасындағы қатыгездікті санасына сыйдыра алмаған сәби жүрек сан рет қуанып, сан рет мұңаяды. Ересек туыстың ерсі қылықтары тірліктерінің сәнін де, мәнін де кетіре бастағанын көрген бала шарасыз қадамға барып, күтпеген жерден тас жүрек туыстың кеудесіне мейірім ұялатады. Осылай ақ кеме арман, желкенін жаяды.