Концерт «Жырлайды жүрек»

1 марта 2018 г. в Центральном концертном зале Казахстан состоится Концерт «Жырлайды жүрек».

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының марқасқасы, өмірі өлеңге, өлеңі өмірге айналған дарабоз ақын. Кешті ұйымдастырудағы мақсат – көрерменді ақын өлеңдеріне  қызығушылығын оятып, құрметін арттыру.

Әдеби-сазды кеште «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының «Астана Мюзикл» театры артистері поэзия иесінің әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін шығармалары негізінде тың дүниені көрермен назарына ұсынбақ. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүрегінен ерекше орын алды.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының артистері Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді.

Бұл іс-шара қазақтың маңдай алды, шоқтығы биік ардақты ақынның шығармашылығына арналған мерейлі мерекелердің бірі болмақ.

Қыран тағдырлы ақын Мұқағалидың жан дүниесіне әдеби-сазды туындылар арқылы бойлауға шақырамыз. 

Начало в 19.00.