Тана Қоңыратбайдың «Дала шамшырағы» спектаклі
Спектакльдегі ақын Нұржан Наушабаев – Ыбырай заманындағы
ақындардың, көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың жиынтық бейнесі. Ыбырай тығырыққа тіреліп қиналғанда түсінде ақ киімді адам қолына шырақ ұстап, жөн сілтеп, аян береді.
Мәдениеті мен өркениеті тарихтың тым тереңіне кететін қазақ халқының бір мүлгіп, қараңғылық, надандық басқан кезеңі ауру, бейбақ қыз кейпімен беріледі. Ыбырай оны мүсіркейді, емдетемін дейді, ал сұм заман, аяусыз Арызқұл сияқты жандар оны аямайды. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ескілікті салт, мінез, түсінік пен жаңаның, надандық пен даналықтың күресі.