Бес бойдаққа бір той (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Бес бойдаққа бір той (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

Жанр: комедия

Автор: Т.Нұрмағанбетов

«Бес бойдаққа бір той»

Қоюшы режиссері: Гүлсина Мерғалиева

Қоюшы суретшісі: Нсанғали Қаниев

Режиссердің ассистенті: Тоқтамұрат Тілеу

Театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері - ҚР еңбегі сіңген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері, МЕРҒАЛИЕВА Гүлсина Бақытжанқызы

Ауылда өскен әр қазақ баласы ауылды аңсайды. Сағынады!..

Кімде-кім ауылын сағынған сайын басынан өткерген қызықтарын еске алып, жүрегін сағынышқа бөлейтіні ақиқат. Ауылда жүрген шақтағы қызыққа батыратын сәттерді “Бес бойдаққа бір той” спектаклі көз алдыңа елестетпей қоймайды. Жеңіл және әдемі әзіл-қалжыңға толы қойылымдағы Қырманбай атаның жүзіңе күлкі үйіртетін қылықтарынан аңғал да адал аталардың кейпі шынайы суреттеледі.