Жаңа жылдық кездесу

Жаңа жылдық кездесу
5 желтоқсан күні «Қазақстан» орталық концерт залында астаналықтар мен қала қонақтарын керемет жаңа жылдық концерт күтуде. Елордамызда алғаш рет «QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы және  «ХАБАР» агенттігі «Жаңа жылдық кездесу» жаңа концерт ұсынады.

«Жаңа жылдық кездесу» еліміздегі теңдессіз концерт болғалы тұр, себебі бір сахнада шоу-бизнестің барлық танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұл кеште көрермендерді қазақ эстрадасының даңқты өнерпаздары қуантпақ. Атап айтар болсақ, Жеңіс Сейдуллаұлы, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жеңіс Ысқақова, Сәкен Майғазиев, Жұбаныш Жексенұлы. Бұған қоса, концертте қазіргі уақыттың үздік орындаушылары да өздерінің хит әндерін орындамақ: Қыдырәлі и Қарақат, Мадина Садвакасова, Ерлан Көкеев, Мөлдір Әуелбекова, Дастан Оразбеков, Жанболат пен Жазира, Қайрат Нуртас пен Жұлдыз Абдукаримова, Айқын и Жұлдыз, Арман мен Аша, Ерболат Құдайбергенов, Нұржан Керменбаев, Әлішер Каримов, Дильназ Ахмадиева, Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жанай, Бейбіт Құшқалиев, Мақпал Исабекова, Марсель, Диас Аблаев, Әли Оқапов, Кәмшат Жолдыбаева, Kental, Қайрат Баекенов, Төреғали Төреәлі, Оралхан Алтынбеков, Марат Айтымбай, Динара Сұлтан, Зарина Алтынбаева, Ғазизхан Шекербеков, Ziruza, Ayree.

Өздерінің жарқын өнерлерін көрермендердің жүрегінен орын таба білген Ninety one, Формат, Райм&Артур, Кешью, Ұлытау, Ринго, Mezzo, Renzo, Назар, Mad Men, Black Star Kz, Дарын, BN, Рахат Лукум сынды ең танымал музыкалық топтар да өнер көрсетеді.

Көрермендерді отандық эстрада жұлдыздарының жаңа образдары, таптырмас шоу және күтпеген дуэттер ерекше әрі естен кетпес әсер қалдырары сөзсіз.

Астана қаласындағы ұмытылмас жаңа жылдық оқиғаның куәгері болу мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар.