«Құрдастар»

qurrdastar
«Құрдастар»

комедия

Авторы: Төрежан Мәндібай

Қоюшы режиссері: Елтай Кемал

Режиссер ассистенті: Шалқия Бақытжанова

Қоюшы суретшісі: Айбек Орынбасар

Костюмдер суретшісі: Светлана Есенгарина

Музыкамен көркемдеуші: Тимур Ерімбетов

Дыбыс операторы: Жеңіс Ноғайбаев, Ақниет Тілектесов

Оқиға 70-80 жылдары Сыр бойындағы Күрішқалада өтеді. Комедия асау да албырт, арман қуған студенттердің жастық кезін көрсететін қызықты да күлкілі сюжетке құрылған. Махаббат атты ұлы күштің құрсауындағы ғашықтар сезімі, көңілі кең даладай дархан пейілді достардың ақ тілектері мен әзілі жарасқан құрдастар қалжыңы сағымға айналған жастық шақты еріксіз көз алдыңызға алып келеді. Пьесада мөлдір махаббат, пәк сезім, адал достық, аяулы ананың қамқорлығы шынайы бейнеленген.

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы Т. Ахтанов көшесі 52.