Жырлайды жүрек

Өтетін орны: ОҚЗ "Қазақстан"

Өтетін күні: 11 желтоқсан

Басталуы: 19:00

Жас санаты: 7+

Жырлайды жүрек
2018 жылғы 11 желтоқсан  күні сағат 19.00-де ақиық ақын   Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған   «ЖЫРЛАЙДЫ      ЖҮРЕК...»  /поэтикалық-музыкалық  қойылымы/  «Astana Musical»  мемлекеттік театры артистерінің қатысуымен өтеді.  Көркемдік жетекші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемиров.  Қоюшы режиссер Аман Гумаров.

 Мұқағали  Мақатаев – қара өлеңнің көшін қара нардай алға сүйреген ашық бояулы, анық үнді  ақын. Ақынның өлеңдері өз деміндей, өз тынысындай шынайы. Туған жер, өскен өлке, ана тілі, тарихымыз, салт-дәстүріміз – Мұқағали жырларының негізгі өзегі. Мұқағалиды оқырмандарымен қайта қауыштыру– поэзия пашталығына саяхат, өлең өлкесінде еркін серуендеу. Ақын өлеңдеріне  құрылған диалог негізінде,  оның өмірін сахналайтын қойылымда ақынның өлеңдеріне жазылған  әндер де шырқалады.

Закрыть