Нартәуекел

Ел ішіндегі алауыздықты тиып, бар мақсатты асқақ арман мен ұлы мұрат жолына бұра білу – асқан даналық пен кемеңгерлікті талап етеді. Абылай арманының басты тіні осында – қазақтың іргелі де біртұтас, қуатты ел болуы.

Сабалаққа үш жүздің басын қосқызып, хан Абылай биігіне көтерген де осы күш –  Қазақтай қасиетті халық алындағы ғұмырлық парыз бен азаматтық борыш болатын. Нартәуекел наркескен намыс еді.

Батыр баба ұран еткен азаттық, ұлттың біртұтастығы дейтін ұлы мақсат әлі де өз тұғырында. Ел бағына туған сақа саясаткердің мәңгілік мұрат жолында орнықтырған ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі бейбіт келісімдері мен көреген шешімдері – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның негізгі алғышарты, басты тірегі. 

Егемендіктің ширек ғасыр биігінен көз тігіп, жаңа заман өлшеміне сай, Жастар тілінде үн қатар қойылымның театрсүйер қауымға ұсынар жаңалығы мол.