Концерт "Астанам, сенсің айбары"

16-17 декабря 2018 г. в ЦКЗ Казахстан пройдет Концерт "Астанам, сенсің айбары".

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен  Елордамыздың  20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді!

Биыл 7-ші рет өтетін "Алтын домбыра" айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысады.

Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Начало в 15.00.