«Ойыншықтар». Театр им. Бекежанова

А.Салбанов «Ойыншықтар» балалар спектаклі  

«Ойыншықтар». Театр им. Бекежанова
Ата-анасына еркелеп өскен баланың ойыншықтары жайлы ертегі. Түн батып, бәрі тәтті ұйқыға кеткенде, сиқырлы әлемнің тұрғындары – ойыншықтар  оянады. Оларға тіл бітеді, ойнайды, күледі. Олардың өз ойлары, сезімдері, әлемдері бар.  Балақай, ал сен ойыншықтарыңның не ойлайтынын, не қалайтынын  білесің бе? Білмесең, бірге білетін боламыз. Ғажайыптар әлеміне сапар шегіп, ойыншықтармен бірге сөйлескілерің келсе, ертегіні тамашалауға асығыңдар, балалар!