Естайдың Қорланы

«Естайдың  Қорланы»
(махаббат-нама)

Қоюшы-режиссері – Мұрат  Ахманов, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің  иегері

Қоюшы-суретшісі және құм  графикасын жасаған – Индира  Ихсан

Көлеңке көріністерін қоюшы – Мейрам Хабибуллин

Бейне монтажын жасаған – Данияр Сатыбалдиев

Музыкамен  көркемдеуші – Торғын  Рақымбаева

Режиссердің  ассистенті – Сағат  Жылгелдиев, ҚР-ның  еңбек  сіңірген  артисі

 Ақын, драматург – Иран-Ғайыптың (Мемлекеттік сыйлықтың лау-реаты) «Естайдың  Қорланы»  махаббат-намасы – ғұмыр  бойы  таза,  адал  да  пәк  ғашықтық  сезімдерін  аялай  білген  қос  мұңлық – Естай  мен  Қорлан  жайындағы  қойылым-дастан.  

Естай – дауыс Қорлан – елеске, өмірде қолы жетпеген аңсар ғашығына:
    «Құдіретім деп таныдым,
    Құрбандығың болайын.
    Сен мың жаса, Жарығым,
    Мен-ақ көктей солайын!  
    Күрсінбе де, күрмелме –
    Азғырар Ай, арбар Күн.
    Сен жер басып жүргенде,
    Махаббат – бар, Мен – бармын!» – деп  үн  қосады. 

Бұл – нәзік  сезіммен өрілген махаббаттың қайғысы мен азабы туралы үн...  жәй  емес,  рухты  үн.  

Ал, біз осыдан артық айта аламыз ба?.. Әркімнің ішкі Әлемінде өз Қорландары мен өз Естайлары бар. Бастысы, Ай азғырып, Күн арбамай,  ішкі дауысымыз алдамай, әдемі ғұмыр кешкенге не жетсін?!  

«Естайдың Қорланы» қойылымы – жан-дүниеңізге астаң-кестең түрлі күйлерді кештіріп, Махаббат-Әлемінің Құдіретіне бас идірері хақ.