Актриса

Басты рөлде: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева.

Қоюшы режиссері: Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. 

Басталуы: 19.00.  

Мекенжайы: Алматы каласы: Абылай даңғылы, 38 /М.Мәметова к.қиылысы.

24 наурызда «А.И. театры» жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Актриса» пьесасының желісімен қойылған «Актриса» драмасын ұсынады. 

Өнер адамының өмірі сырт көзге қызық, «жарқылдағымен» жанарды, жүректі тартады. Ал «Актрисаның» күлімдеп жасырған мұңына, ішкі жан күйзелісі мен қайғысына кім үңіліпті?! Әр өнер адамында болатын «айдың арғы бетін» өзіңіз үшін ашамын десеңіз, «Актрисаға» келіңіз! 

Байланыс тел: 8 702 192 94 42.