Спектакль «№ 13»

«Astana musical» мемлекеттік театры алғаш рет ағылшын драматургі  Рэй Кунидің «№ 13» комедиясын ұсынады. Қойылым 27, 28, 29 наурыз күндері сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залының камералық залында өтеді.

spektakl-13-tskz
«№ 13» пьесасы – соңғы онжылдықтағы ең үздік комедиялардың бірі. Рей Кунидың бұл тырнақалды туындысы 1991 жылы үздік ағылшын комедиясы ретінде  Оливье Лоуренс атындағы сыйлықпен марапатталған.

Қойылымның оқиға желісі қонақ үйдегі №13 бөлмеде көрініс табады. Сюжеттің ирониялық сатирасы үш кейіпкердің айналасында өрбиді.  Басты екеуі – беделді саясеткер мен оның хатшысы. Үшінші артық адам – екі көңілдестің кездесуін бұзған қарақшының мәйіті. Абыройына нұқсан келтірмеу үшін бас кейіпкер полицияға да хабарласа алмайды. Күтпеген жерден мәйітке тап болған көңілдестер одан құтылудың амалын іздейді.

№13 – бұл жай ғана қонақ үй нөмірі емес. Бұл нағыз қызық оқиғалар өрбитін, көрермендерді күлкіге қарық қылатын орын. Спектакльдегі қайталанбас сюжет, бір мезеттік үрей, мансапқорлықтың кесірінен орын алатын шексіз былық адам болмысының шынайы табиғатын аша түседі. Жеңіл әзіл мен өткір сатираға құрылған ерекше қойылымды елорданың нағыз талантты жастары – «Astana musical» мемлекеттік театры ұсынады.

Күлкі мен шытырман оқиғаға толы комедияның қоюшы режиссері – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, PhD докторы Еслям Нұртазин.

Закрыть