«ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ӘУЕН»
Идея авторы және қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ
Жастар театры ұжымының көңіл қатпарына жасырынған жан сыры да аталған сағыныш мазмұнынан алыс кетпегенімен, жеткізу тәсілі бөлек. Иә, бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...
Сезімді жеткізер сөз таусылған сәттегі сағыныш күйін музыкадан іздеген театр туппасының көрерменін қуантар жаңалығы көп. Жүрек пернесін дөп басып, сезімді қозғар сырласу-ностальгия жанрындағы ғаламат кештің куәсі болыңыздар!