Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай (Гастрольдік іс-сапар)

Павлодар қаласы Ж.Аймаутов атындағы қазақ музыка-драма театрының

Алматы қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына гастрольдік іс-сапар

10.04.19

Сағат 18:30

Ғ. Ештанаев, Р. Ыбыраева

«Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай»

/психологиялық драма/

Қоюшы режиссер - Ж. Хаджиев

Бұл спектакльде бүкіл қазақтың басын қосып,бір тудың астына жинаған Абылай ханның балалық және жастық шағы баяндалады.Қалмақтар әкесі Уәлидің хан сарайына шабуыл жасап,ханның өзін,оның үрім-бұтағын қырып салады.Жөргектегі Әбілмансұрды анасы жасырын түрде Оразға аманат етіп тапсырады.Қуғындалып,жасырын жүріп Ораз Әбілмансұрды Төле биге өткізіп, оның түйесін бақтырып,атын Сабалақ қояды.Қалмақ қазақ елін жаулап алып,қиянаттық жасайды,сондай бір сәтте, Әбілмансұр қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп, «Абылай» деп ұран салып қазақтың батыры,соңында ханы болады.

БИЛЕТ БАҒАСЫ – 1000 тг.