Ұлы Жеңіс күніне арналған
дәстүрлі музыка кеші
Қазақтың күйі күмбірлеп әні қалықтайтын концертте «Астана сазы» ұжымы халқымыздың белгілі ақындары мен композиторларының үздік туындыларын ұлттық аспаптарда орындап, естен кетпес кеш сыйлайды. Концерт бағдарламасында асқар таудай жыр алыбы Ж.Жабаевтың, қазақ даласының бозторғай жыршысы К.Әзірбаевтың, дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың соғыс майданында жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырған өлеңдеріне жазылған әндер бар. Сондай-ақ өнерсүйер қауым ХХ ғасырдың атақты композиторлары Н.Тілендиев, М.Хамзиннің таңдаулы әуендері мен күйлерін тыңдай алады.
Ұлттық нақышқа бай, жігерлі, жалынды, әсем де асқақ туындылар орындалатын концертте ҚР мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубайұлы, Асқар Мұқият, Қамажан Аяулым, Марат Айтымбай, Абылайхан Орманбек өнер көрсетеді.
Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілек ел к-сі. 10/1
«QAZAQSTAN» орталық концерт залы
Тел: 8771 163 90 47