Жанр: трагедия
Автор: У. Шекспир
АҚШ әртісі Эдван Бут Гамлет рөлінде, ca. 1870. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601 – 1602 ж жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығарма жазды.
Трагедияның әрекеті ортағасырлық Дания өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасады, «шіріген дат мемлекетін» бейнелей отырып, ол өзінің кезіндегі Англияны көрсетті.