Автор: Ә. Кекілбаев
Қоюшы режиссер: Быйаман Уола Сэргэ Обокуун
Шығарма көрерменге терең ой салып, жетістікке жету үшін тек еңбек қана емес, ой-пікір тереңдігі, жан тазалығы мен ниет тазалығы қажет екендігін түсінуге жетелеп, онсыз биік шыңға да, түпсіз тереңдікке де жетуге болмайтындығын меңзейді.
Шығармаға инсценировка жасап, сахналау – режиссердің ғана емес, бүкіл ұжымның қажырлы еңбегін талап етті.
Премьерасы 2016 жылдың 11-қыркүйегінде өтті.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 25 минут