«Бабалық шағымның аспаны»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығар­маларының желісі бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсіріліп, үлкен экранға жолдама алған жаңа көркем фильм осылай аталады.

.Кинотуынды Елбасының дүниеге келер кезінен бастап, оның ат жалын тартып мініп, азаматтық жасқа жеткенге дейінгі өмір жолын қамтиды. Кеше Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен аталмыш картинаның тұсаукесері болып өтті.