Асқар Мұқияттың «Бабадан қалған аманат» концерті

Асқар Мұқияттың «Бабадан қалған аманат» концерті
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дәстүрлі ән өнеріне жаңа серпін әкелген жас өнерпаз Асқар Мұқият «Бабадан қалған аманат» концертін ұсынады. Концерт 21 маусым күні сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залының камералық залында өтеді.

Асқар Мұқият ерекше талантымен өнерсүйер қауымның көңілінен шыға білген күміс көмей әнші, көптеген ірі республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты ретінде белгілі.   

«Жастар жылы» аясында өтетін «Бабадан қалған аманат» концертінде көрерменнің зор сүйіспеншілігіне бөленген халық әндері, сал-серілердің шығармалары, термелер мен қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының туындылары орындалмақ.

Концерт республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Алтынбек (сопрано), Қайсар Мұхтар (бас), дәстүрлі әншілер Айзат Қарабек, Фариза Іргебаева және «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтеді. Кеш концертмейстері – халықаралық байқаулардың лауреаты Айымгүл Сыздықова.