«Шыңғысхан» спектаклі

«Шыңғысхан»  хореографиялық  спектаклі

«Шыңғысхан» спектаклі
Бұл Азиядағы біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның (Темүжін) өмірі мен ерен еңбегіне арналған Қазақстандағы тұңғыш хореография жанрындағы қойылым.

Қойылымда тарихи деректер мен аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғыс ханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген  кезеңдері қамтылады.  Жастайынан қайғы-қасіреттің, жетімдіктің зардабын шеккен, есейгенде жары Бөртеден айырып, абайсызда бауырын жазым қылуы оның өміріне үлкен әсер етті. Сонымен қатар, халықтың ауыр халі, ыдырап, ауызбіршіліктің болмауы, болашақ билеушінің өміріндегі үлкен қадамдар жасауына зор ықпалын тигізді.

Шыңғыс ханның билігі сол замандағы барлық өмір сүрген халықтарға үлкен әсерін тигізді. Империяның жаңа астанасы Қарақұмда барлық үлкен Азия әлеміне бұйрықтар мен өкімдер шығарылады. Әскер ісінде дала көшпенділерінің ежелгі дәстүрлерін қолданды. Ол – қандықол, соғысқұмар жан емес еді. Әрдайым әділдікті жақтап қара қылды қақ жарған қаған еді...

                               «Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!

                                Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,

                                Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!

                                Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!

                               «Тексіз азғындар» дұшпаным!

                                Тектілерден Нәр алдым...»

                        Шыңғысхан