«Фариза мен Мұқағали». Гастроли театра им. Сейфуллина в Алматы

«Фариза мен Мұқағали»

Рақымжан Отарбаев

/лирикалық драма/

Қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Нұрлан Жұманиязов.

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың өр руxты өлеңдері мен маxаббат лирикасы талай ұрпақты тәрбиелеп, поэзия әлеміне табындырып, тамсандырып келеді. Ақындық пен адамгершілік туын қатар ұстаған Мұқағали ақынның досы қандай көп болса, дұшпаны да одан аз болған жоқ.

Лирикалық драмаға  Мұқағали мен Фаризаның  өршіл, рухты өлеңдерімен қатар, қос ақынның  бірін-бірі бағалаған, қадірлеп- құрметтеген рухтас жандардың пенделіктен жоғары  адами сыйластық қарым-қатынастары арқау болған.  

Қызғаныш пен көреалмаушылық, талантты таптау, сатқындық міне осының бәрі аурумен арпалысқан ақын жанын жаралайды. Осындай сәттерде Мұқағали ақынның жанына жалау, көңіліне медеу болған қаламдас қарындасы Фариза еді.

Қойылым бүгінгі жастардың поэзияға деген сүйіспеншілігін оятып, кітап оқымайтын ұрпақты рухты өлеңдермен сусындатады.

Спектакльде С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жас артистері ақынның өлеңдерімен бірге әндерін де орындап, жаңа шеберлік қырларынан танылды.