«Темір - нарком». Гастроли театра им. Ахтанова в Алматы

Автор: Рахымжан Отарбаев

Премьера күні: 

Режиссёр: Мейрам Хабибуллин

Актерлар:

Жанр: тарихи драма

Ұзақтығы:

Жас санаты:

Қосымша:

Еліміздің мәдениеті мен әдебиетін жандандырып, қасиетті өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдыры кімді болмасын бейжай қалдырмасы анық. Қойылымда қазақ ұлтының жоғын түгендеп, ұлт намысын ұран тұтқан тұлғаның халық ағарту комиссары қызметінде жүргенде елі үшін жасаған  еңбегі, сол кездегі қазақ оқығандарының жан күйзелісі, сатқындық пен жауыздыққа деген қарсылығы баяндалады.                                                                 

Қазақ халқының өшпес шырағына айналған Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы тағылымы мол тарихи драма көрермендерге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұсынылмақ.

Қоюшы суретші – Асия Курманалина

Костюмдер жөніндегі суретші- Светлана Есенгарина