«Айша Бибі»

Автор: Б. Бекжанов

Премьера күні:

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай

Актерлар:

Жанр: махаббат дастаны

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2019 жылдың қазан айында  тұсаукесер қойылымы өткен жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасы – халқымыздың халқымыздың бай рухани құндылықтарын және ел тарихын  танып-білуге ықпалы зор қойылым. 

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева. 

Көрермен қауым  осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты  айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті  махабаттың  қос символы -  Айша бибі мен Қараханның  тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен  танысады. 

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ,  Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.  

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Кейінгі жас ұрпақ, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары
да  – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлегендердің тағдырларына  көп ұқсас екендігін білулері тиіс. 

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан мерт болады.

Қойылымда  Айша бибі ролін театрдың жас актрисасы Назым Ақылова, Қарахан образын белгілі актер, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков ойнайды.

Билет қайтару шарттары: танысу