Премьера! Бес бойдаққа бір той

Жанр: комедия

Ұзақтығы: 2 сағат

Авторы: Тынымбай Нұрмағанбетов

Қоюшы режиссер: Әубәкір Рахимов

Қоюшы суретші: Гульфия Моллашева

Музыкаларын жазған: Әлібм Мәмбетов

Өлеңдері: Әубәкір Рахимовтікі

 

 

 

 

Белгілі жазушы - драматург Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармалары ұлттық дүниетаным, характерлер ерекшелігін аса шебер аша білуімен,уақыттың көкейкесті мәселелерін тани білуімен ерекшеленетіні белгілі. Оның «Қырманбайдың тойы» атты комедиясы (сахналық нұсқасы «Бес бойдаққа бір той») театр сахнасында бірталай жылдан бері табыспен жүріп келе жатқаны бекер емес. Өйткені, спектакль ұлтымыз үшін қашанда маңызын жоймайтын ұрпақ тағдыры, оның болашағы мәселесін күлкі призмасынан қарастырады. Бес бойдақ – Қырманбай шал және оның ұлдары. Жер ортасынан ауғанда кемпірі дүние салған Қырманбай ұлдарының тұрмыс-тыныс тіршілігіне қарны ашады, олардың тағдырына алаңдаулы, яғни өз әулетінің ертеңіне алаңдаулы болса, ұлдары әкесін үйлендірмекке асығулы. Әлімсақтан келе жатқан әкелер мен балалар мәселесін бүгінгі күн, ұлттық дүнетаным тұрғысынан көтеретін комедияда әрбір кейіпкердің қимыл-қарекеті, мінез-құлқы күлкі шақырады,бірақ көрерменін ұлттық жақсы қасиеттерімізге қылау түсе бастаған жоқ па дегендей сауалға бастайды. Күлкінің астарында не бар? «Ойланып көрейік, ағайын» дейді режиссер мен қатысушы актерлер. Спектакльде жақсы ән, жақсы әзіл жалпы атмосфераны жандандыра түседі.