Мастер класс «Bai-Quat»

Өтетін орыны: Best Western Plus Atakent Hotel

Өтетін күні:  2 қараша

Өтетін уақыты: 09:30

Спикер: Сайлау Абайділданов

Ұзақтығы: 120 мин

Турақ: бар

Жас санаты: -

Қосымша:

 

 

 

2 қараша күні Алматыда «Bai-Quat» инвестициялық компаниясының бас қаржы кеңесшісі, жеке қаржы түсінігін қазақша, қарапайым тілмен терең түсіндіріп жүрген білікті коуч Сайлау Абайділдановтың "Отбасылық капитал" атты шеберлік сағаты өтеді!
Жақынырақ таныса отырыңыз...
Сайлау Абайділданов:
«L-Capital АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Алматы несиелік есеп техникумын Мемлекеттік банктегі есеп» мамандығы бойынша, Алматы халық шаруашылық институтын Қаржы және несие" мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Талдықорған қаласындағы КСРО Мембанк облыстық басқармасында есеп маманы қызметімен бастаған. Біраз жылдар бойы «Дисконт» ЖШС компаниясында құнды қағаздар бөлімінің басшысы, «Майкубен Вест» АҚ компаниясында қаржы директоры болып істеді.
2000 жылдан қор нарығында жеке инвестор болып қызмет етуде. 2008 жылы «L-Capital АҚ құнды қағаздар департаментіне орналасып, 2014 жылдан бері «L-Capital АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Шеберлік сағатына міндетті түрде қатысуыңыз керек, егер сіз...

  • Тұрақты табыс тауып отырғыңыз келсе;
  • Қаржылық қиындықтардан құтылғыңыз келсе
  • Қаржылай тәуелсіздікте өмір сүргіңіз келсе;
  • Бір айлықты күтуден шаршасаңыз;
  • Пассивті кіріс көзін ашқыңыз келсе;

Билет қайтару шарттары: танысу