ӘЗ НАУРЫЗ – ӘН НАУРЫЗ

https://ticketon.kz/media/upload/18287u30239_az-nauryz-an-nauryz.jpg
Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» концерт залы

Өтетін күні: 18 наурыз

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық ән» бөлімі 2020 жылы наурыз айының 18 күні Ұлыстың ұлы күніне орай «ӘЗ НАУРЫЗ – ӘН НАУРЫЗ» атты мерекелік концерт  өткізеді. Ұлттық-мәдени құндылықтарымыз жаңғыратын, қазақ даласының қасиетті де, киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнері, өзіндік өрнегі бар би өнері кештің негізгі көркі болмақ.

Самарқанның көк тасы жібіген, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мерекелік кеште ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев, Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, ҚР мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Арайлым Рахымқызы, Күнсұлу Тұрлыбекова, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Данияр Мұқан, Жазгүл Данылбаева, Жақсыгелді Маясаров,  Айгерім Нартуеева, Айнұр Қонысбаева, Нұржан Мейірхан, Сәулежан Тақзия, Айдос Оңғарбай.