«Тамаша» в Алматы

https://ticketon.kz/media/upload/18383u30239_tamasha-a3-min.jpg
Өтетін орыны: Студенттер Сарайы

Өтетін күні: 3 сәуір

Өтетін уақыты: 19:00

Турақ: бар

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

 

 

«ТАМАША» ойын-сауық отауы, көрермендердің жүрегін жаулап, қырық жыл бойы қойылымдарының тартымдылығымен, көпшіліктің көңілінен шығып жүргені, миллиондаған өнер сүйер қауым біледі. Сол себептен, осы дәстүрді жалғастыра отырып, әр көрерменнің үйіне «ТАМАША» мереке болып кірсе деген ойдамыз.

Бұл концертті көргенде, көрмегенде арманда болады.

Тек осы концерт әрқылы эстрада жанры жарасымды үйлесім табады. 

Ал, бұл кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары әйгілі әндерін орындап, мың бұралған бишілер өнерін ұсынады, ең бастысы «ТАМАША» ойын-сауық отауының актерлары орындаған миниатюралардағы ұтқыр әзілдері көңіліңізді серпілтеді.  Сонымен қатар  осы шоу-концертке,  басқа да әзіл-ысқақ театрлардің актерларын, өз өнерін көрсетуге , концертімізге қонаққа  шақыруды жоспарлап отырмыз.                                                                         

Шалқыған әсем ән мен шат күлкіні ту еткен бұл концерттік бағдарлама сізге және отбасыңызға тартымды демалыс сыйлайды.

Біздің халықтың «Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндіре көрме» деген аталы сөзі бар. Ендеше, қазақ қылыштан сескенбесе де, өткір сөзден сескенген. Жаудан қорықпаса да, күлкі болудан қорыққан. Басын кестірсе де, тілін кестірмеген. Атқан оқтай аталы сөзге арсызы да тоқтаған. Әзілге ат мінгізген, күлкіге тай сыйлаған халықпыз.

«Қазақта белгілі төрт қалжыңі бар. Ол - нағашы мен жиеннің, құрдастардың, жезде мен балдыздың, жеңге мен қайнының қалжыңдары» деген атақты сықақшы Сейт Кенжахметов. 

Осындай, минталитетімізде бар, қазақтің жұрегіне жақын, тәрбиелік астары зор, қалжыңдарды кеңінен көрерменге неге таратпасқа?

Басқа да қалжың мен әзіл сәттер де бола береді ғой. 

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейді қазақ. Күнделікті өмірде көзден жас аққанша күлуге тұрарлық талай «қызықтардың» куәсі болып жүрміз. 

Әзіл, қалжың жүрген жерде күлкі де жүреді. Күлкі кімге, қайда болса да өте қажетті. Ал, күлкі бар жерде бірлік, тірлік бар. Демек, күлкі - рухани өмірдің дәрісі. Мұндай пайдалы дәріні әркез пайдаланып отыру қажет. 

Міне, осындай мәдениетті әрі ұтымды, әрі жарасты күлкілерды көрерменің назарына үсынбақ.

Билет қайтару шарттары: танысу