Концерт «КҮЙДІҢ ПІРІ – ҚАЗАНҒАП»

https://ticketon.kz/media/upload/18589u52887_qazangap2.jpeg
Өтетін орыны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 83

Өтетін күні: 17 наурыз

Өтетін уақыты: 18:30

Турақ:

Жас санаты:

Билет қайтару шарттары:

Қосымша:

 

 

 

Құрметті өнер сүйер қауым, Алматы  тұрғындары мен қонақтары! 

Сіздерді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі мен Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филарманиясының  бірлескен концертіне шақырамыз! 

«КҮЙДІҢ ПІРІ – ҚАЗАНҒАП» концерті 17 наурыз күні сағат 18:30-да Құрманғазы оркестрінің залында өтеді.  

Аталған кешке белгілі қазанғаптанушы Жұмабай Жансүгіров, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А. Райымбергенов, Т. Әліпбаев, Ж. Асылханов, ҚР Мәдениет қайраткері М. Тілепберген, ҚР мәдениет саласының үздіктері Н. Жанаманов, Т. Хамзин сынды қазақ өнерінің майталмандары және өзге де белгілі күйшілер қатысады. 

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері – Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген.