Жаужүрек

Автор: Д.Исабеков.
Реж.: Е.Обаев.

Драма. Продолжительность спектакля 2 часа.

Айым да сен Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең...
Балуан Шолақ дегенде құлақта бірден осы әннің жаңғырары бар...

Драмада жары Балқаштың көңілін күпті; өнері, мәрттігі, кісілігімен ерке де сылқым Ғалияны ғана емес, Көкшетау уезі бастығының ерке қызы, уыздай Татьянаны да өзіне ғашық еткен Балуан...

Әлеуметтік ортасымен тағдыры бірегей әнші, сері Балуанның шұрайлы жерінен, демек, еркіндігінен айырыла бастаған үшін тәуекелге бел буып күреске шығуы айшықталады. Өйткені шынайы теңдік, бостандық жоқ жерде шынайы махаббат, бақыт жоқ. Өйткені ел азат болмай – ер азат емес.