«Империядағы» кеш (Встреча в «ИМПЕРИИ»)

Автор: С.Асылбекұлы.
Реж.: А.Кәкішева.
Драма.

«Империя» мейрамханасы. Мейрамхана иесі, кәсіпкер Айдардың туған күн кеші. Бұрынғы ғалым әріптестерінің туған күн иесіне ақжарма тілектері, ағынан жарылған көңілдер, мол дастархан. Бәрі керемет. Алайда... бір- біріне тілектес, әріптес, дос- жарандай көрінетін жандардың шын бет- бейнесі бірте – бірте сұлбалана бастайды да, бұл кеш Шекспирдің атақты «Өмір- театр, адамдар оның актері» деген қанатты сөзі мағыналана, ашыла түсетін кеш болып шығады...