Қуыршақ думан

Қоюшы-режиссер – Н.Жакыпбаев.

«Қуыршақ думан» қойылымы концерттік бағдарламадан тұрады. Украина, Армения, Прибалтика қуыршақ ұжымы ұлттық билерін ұсынады және мың бұралып билеген шығыс билерін де тамашалай аласыз. Сондай-ақ сахнаға Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздардың жеке ән номерлері де бар. Тамаша қуыршқтарды – Халықаралық театр фестивалінің жүлдегерлері, қуыршақ өнерінің майталман әртістері ойнатады.