Даланың күйші Динасы

Автор: Фариза Оңғарсынова.
Жанр: драма

Қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов. Шығарма – халық композиторы Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнеріне арналған. Өнердің бабын тапқан атақты күйшілер, ұлы күйші Құрманғазы мен жасөспірім Дина арасындағы алғашқы таныстық, шығармашылық достықтары туралы жазылған пьесада күй құдіреті, өнер туындысының өмірге келу сәті, өнер адамының жан – дүниесі, күй тудырудағы күйзеліс пен шығарма шыққандағы шабыт пен бақыттың буырқана астасқан асқақ сезімдер суреттеледі.