Қаракөз

Трагедия.

Қазақ классигінің аталмыш шығармасы Сәкен театрында бірнеше рет қайталанып қойылып отыр. Шығармада Қаракозбен Сырым тағдыры көтеріліп, бір-біріне өлердей ғашық екі жанның арасындағы тағдыры баяндалады. Махаббат жолында бастарын құрбандыққа шалуға азір екі жасқа,бір елдің билеп-төстеушісі, ескі көзқарастағы Мөржан сынды бәйбішеге қарсы тұрады. Ол үшін жастар тағдырынан гөрі, бір әулеттің абыройы артық және бұрын қалың мал алып дағдыланып қалғаны тағы өз дегеніне итермелейді. Пұшайман күйге түсіп, Қаракоз Сырымнан артық сүймесе кем сүймейтін Нарша тағдыры да аянышты. Мөржан сынды қара емендей айтқанынант қайтпайтын тіртоға жан ақыры Қаракөз өліміне себепкер болады. Ол осы мінезі арқлы болашақтың шам шырағын,келер ұрпақтың тамырына балта шапқанын аңғармайды. Қойылым қалың көпшілікке арналған. Спектакльге театрдың бар әртістері қатысады.