«Отелло»

Дж.Верди,(опера в 2-х действиях).

У.Шекспир бейнелеген бас қаһармандар баяғыда жалқы есімнен жалпы есімге айналып кеткен. Шекспир әлемдік театрларда шығармалары үздіксіз қойыла беретін ең ұлы драматург. 

Әрбір айтулы режиссердің өз Шекспирі бар. Қазақ сахнасында көптен бері классик жазушысының туындылары қойылмай кеткен еді. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Халық артисі, белгілі режиссер Талғат Теменов Шекспирдің «Отелло» атты трагедиясын сахналады. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді!

Отелло - әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі. Ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушы айғақтайды.

Начало в 17.00.

Город

Событий нет