Батыл көжектер

Авт. С.Қасымбек
Реж. С.Қарабалин

( музыкалық ертегі ). 

Аңғал әрі аңғарымпаз Зу көжек, Аш кө­жек, Тиін, Көксеректер Жаңа жылды күтумен болады. Алайда қу Түлкі си­қыр­лы таяқты қолды етіп, елді әуре-сар­саңға салды. Ал сиқырлы таяқсыз Аяз ата мен Ақша қар ескі жылды шығарып сала алмайды. Енді қайтпек керек? Орталық оқиға осы бір тұста өрбиді. Екі батыл көжек артынан Тиін мен Көксеректі ертіп алып, жолға шығады. Арадағы жас көрерменмен байланыс спектакльдің әсерлілігін арттырып, жаңаша бір тыныс беріп отырды. «Мұнда, мұнда! Ол ана жер­ге тығылып қалды. Зу көжекті құт­қа­рыңдар...» деген дауыстар залдың әр бұ­рышынан естіліп, жан-жақты жаң­ғыр­тып жібереді. Бұның өзі артистердің ойынына ерекше екпін беріп, шабыттандыра түскені хақ.